+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Pfizer-ді балаларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  өзі ұсынып отыр – Манар Смағұл

2021 жылғы 11 қазан 18:20
Бөлісіңіз:
Pfizer-ді балаларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  өзі ұсынып отыр – Манар Смағұл

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл жасөспірімдер мен дүкті әйелдерді COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Омикрон» штамы: Қазақстанға ұшақпен келетін жолаушыны қабылдау тәртібі қатаңдатылды Алматы коронавирустың қауіпті «Омикрон» жаңа штамына дайын ба Әсел Қалықова: Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 56,5 пайызға жетті

«Дамыған елдердің бәрі жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге осы вакцинаны салып жатыр. АҚШ пен Ұлыбританияда аталған топтарды вакциналау тәжірибесі бар. Яғни, Pfizer вакцинасының тиімділігін біз іс жүзінде көріп отырмыз. Біріншіден, өлім-жітім жағдайлары азайған. Жалпы сырқаттану көрсеткіші де кеміген. Бұл вакцина 12 жастан асқан балалардың да, жүкті әйелдердің денсаулығына қауіп төндірмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі ұсынып отыр», - деген маман қазақстанда ересек адамдарға бүгінге дейін салынған вакциналардың тиімді болғанына тоқталды.

«Ресейлік, қазақстандық, қытайлық вакциналардың балалар мен жүкті әйелдер үшін қаншалықты тиімді екені белгісіз болғанымен, қазір қолдану мақсатына сәйкестігін көрсетіп отыр. Бұл жерде мынаны түсіну керек. Бізде бұған дейін ересектерге салынған вакциналарды балалар мен жасөспірімдерге салуға мүлдем тыйым салынған деуге болмайды. Өйткені олар аталмыш екі топқа сынақ ретінде егілген жоқ. «Спутник V» қазір осы мәселе бойынша сынақтан өтіп жатыр. QazVac-та бұл сатыдан өтеді. Нақты жасөспірімдер мен жүкті әйелдердің арасында сынақтан өткеннен кейін рұқсат мәселесі шешіледі. Менің ойымша оған сәл уақыт керек. Тиісті зерттеулер жақсы нәтиже берсе, оларды да аталмыш екі топқа қолдануымыз мүмкін. Ал әзірге Pfizer вакцинасы ғана осы екі топқа ұсынылған. Бұған қарап біздегі басқа вакиналар COVID-19 індетіне Pfizer вакцинасындай тиімді емес деген ой туындамауы керек. Біз қолданып жүрген вакциналардың бәрі вирусқа тиімді екенін уақыт көрсетті», - деді Манар Смағұл.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT