Петропавлдағы су қоймасы 90 пайызға толған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл әкімінің орынбасары Қайролла Ғалеев қаланың су тасқынына қаншалықты дайын екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, қыс мезгілінде Петропавл көшелерінен 110 мың текше метр қар шығарылған. Қаладағы нөсерге арналған кәріздік жүйенің ұзындығы 92 шақырым. Оның 44-і - ашық болса, 48-і - жабық. Қазір олардың сәйкесінше 90%-ы мен 70%-ы тазартылды.

«Көшелерден 25 мың текше метр су шығарылды. Биыл үйлерде су жоқ. Су басу мен нөсер суын тазалау бойынша диспетчерлік қызметке түскен өтініштер саны 100-ден 40-қа азайды. Қалада құрамында 36 адам мен 30 техникасы бар 6 бригада жұмыс істейді», - деді Қ.Ғалеев.

Петропавлдағы су қоймасы қазір 88,9 пайызға толған. Қ.Ғалеевтің айтуынша, су 1 сантиметрге көтерілген. Сергеев су қоймасы 92,7 пайызға толған. Мұнда судың деңгейі су тасқыны кезеңінен бастап 16 сантиметрді құраған.

Петропавлда су тасқыны іс-шараларын жүргізуге 7,3 миллион теңге бөлінген. 

Фото: news.rambler.ru

Соңғы жаңалықтар