Петропавлдағы сауналардың бірінен шыққан өрт сөндірілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -Петропавл қаласындағы сауналардың бірінен шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше, сағат 00.53-те 101 кезекші пультіне Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы сауналардың бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл үшінші жоғары шақырту бойынша өртке қарсы қызмет гарнизонның күштері мен құралдары жіберілді.

Бірінші өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттың екінші қабаты мен шатыры жанып жатқан.

Қою түтін мен келу жолдарының болмауы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты.

Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт жақын маңда орналасқан ғимараттарға тараған жоқ.

Өрт сағат 04.25-те ауыздықталып, таңғы сағат 5-те сөндірілді. Жалын аумағы 500 шаршы метрді шарпыған. Өрттің себебі мен келтірілген залал анықталуда.

Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің 87 қызметкері мен 17 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 8 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар