Петропавлдағы мектепте карантинге байланысты сабақ тоқтатылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда тұмау мен ЖРВИ-дің өршуіне байланысты мектептердің бірі карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, №6 мектептегі оқу тоқтатылған. №9, 5, 24, 26 мектептері мен «БЭСТ» гимназиясының кейбір сыныптары да карантинге жабылды. «Сабақтар 5-7 күн аралығында болмайды, мәжбүрлі демалыстар балалардың сабақ үлгеріміне әсер етпейді»,- деді білім бөліміндегілер.

Егер ауырғанына байланысты сабаққа сыныптың 20%-ы немесе одан да көп оқушысы қатыспаса оқу процесін тоқтату туралы шешімді мектеп әкімшілігі қабылдайды. Егер мекемедегілердің 30%-ы немесе одан да көбі болмаса, директордың бұйрығымен мектеп жабылады.

Бұған дейін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті соңғы аптада ЖРВИ жұқтырған оқушылардың саны артқанын хабарлаған болатын.

Авторы: Олеся Жуковень


Соңғы жаңалықтар