Петропавлдағы Қозыбаев университетіне жаңа ректор тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы-ректор қызметіне Ерлан Шуланов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған республикалық комиссияның шешімімен Ерлан Шуланов Қозыбаев университеті басқарма төрағасы-ректоры лауазымына тағайындалды.

Ғылыми кеңес отырысында оны университет ұжымына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов таныстырды.

Ерлан Нұрлыбекұлы Шуланов 1984 жылы Қарағандыда дүниеге келген.

Еуразия Ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. МВА магистрі дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2003 жылы ЗТБ «Қазақстан жастарының Конгресінде» бастаған.

«KEGOC» АҚ бас кеңесшісі, «Adal Solutions» ЖШС заңгер болып жұмыс істеді.

2008-2009 жылға дейін «Өңірлік даму және зерттеулер орталығы» ЖШС-де, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында сарапшы-талдаушы қызметін атқарды.

2010 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ«АҚ бас маманы болды.

Оның кадрлық саясатының тұжырымдамасын әзірлеуге, «Самұрық-Қазына «корпоративтік университетін» құруға қатысты.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ талдау және зерттеулер бөлімінің бастығы лауазымында қызмет еткен.

ҚР БҒМ талдау тобын басқарды.

«Кәсіпқор» холдингі» АҚ құру, «Болашақ» бағдарламасын реформалау мәселелерімен айналысты, ҚР БҒМ сапаны бақылаудың вертикалді моделін әзірлеуге қатысты.

Үш жыл бойы Назарбаев Университеті атқарушы директоры, кейін ҚР БҒМ «Ақпараттық– талдау орталығы» АҚ президенті лауазымында еңбек етті.

«Мен осы университетте жұмыс істеу мәртебесіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Бүгін оған үлкен үміт артылды. СҚО әкімдігінің қолдауымен ел басшылығы қойған міндеттерге міндетті түрде қол жеткізілетініне сенімдімін. Ал ұжымда қалыптасқан жүйелі жұмыс Қозыбаев университетінің одан әрі дамытуға негіз болады», - деді Ерлан Шуланов.




Соңғы жаңалықтар