+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Петропавлдағы ірі сауда орталығында өрт шықты

2021 жылғы 28 шілде 23:29
Бөлісіңіз:
Петропавлдағы ірі сауда орталығында өрт шықты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда ірі сауда орталығы өртенді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақсуда қарттар үйінен өрт шығып, бір адам зардап шекті Петропавлда 25 қыркүйекте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді Ақсуда қарттар үйі өртенді

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 20.00 шамасында «101» пультіне Петропавлдағы Мұқанов көшесі, 53 мекенжайындағы «Семейный» гипермаркетінде өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түскен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетіп, бірден іске кірісті. Өрт «Семейный» гипермаркетіне жапсарлас салынған ыдыс- қораптар сақтайтын бір қабатты үй-жайдан шыққан.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам, 10 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында бес өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істеді.

Құтқарушылар 200 адамды, соның ішінде сауда орталығының 50 қызметкерін және 150 келушіні эвакуациялады. Өрт сөндірушілер жалын негізгі ғимаратқа таралмауы үшін қолдан келгенше шара қолданды. Нәтижесінде өрт шамамен бір сағаттан кейін толық сөндірілді. Жалын 45 шаршы метр аумақты шарпыды.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен келген шығын көлемін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT