Петропавлда жылу магистралін қайта құру жұмыстары басталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлды жылумен қамтитын кәсіпорын инвестициялық бағдарлама аясында құбыр желілерін қайта құру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«СевКазЭнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС Крепостной көшесіндегі № 7 жылу магистралін қайта құру жұмыстарын бастады. Бірақ бұдан тұрғындар зардап шекпейді. Жылу беру маусымы аяқталғанша дейін бұл аудан уақытша кесте бойынша жылу энергиясымен қамтылады. Мамандар бұл жұмыстар барысында жылумен және ыстық сумен қамту сапасы өзгеріссіз қалатынын айтуда.

№ 7 жылу магистралі Алтынсарин көшесінен Советская көшесіне дейін, 1,4 шақырымы жаңартылады. Бұл жұмыстар инвестициялық бағдарлама аясында 2020 жылдың қыркүйек айына дейін атқарылады. Осы мақсатқа 950,3 млн теңге жұмсалады деп жоспарланған.

Жұмыстарды мердігер ұйым - «Строительное Управление Энергострой» ЖШС жүргізсе, техникалық бақылауды «КазСтройИнжиниринг ПВ» ЖШС атқарады.

«Жылумен қамтудың уақытша кестесіне көп қабатты 6 тұрғын үй, жеке сектордағы 77 үй, мектеп пен шағын орталық және 13 заңды тұлға қосылады. Тұтынушылар өзгерісті байқамайды. Өйткені жылумен және ыстық сумен қамту тиісті деңгейде жүргізіледі», - дейді «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС бас директоры Андрей Калиничев.


Соңғы жаңалықтар