Петропавлда жылу магистралдары бұзылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Бүгін Петропавл тұрғындары жылусыз отыр. Жылу батареяларына байланысты жағдайды монополист түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қарашаның 12-сінен 13-іне қараған түні №8 негізгі жылу магистралі бұзылған.

«Петропавлдық жылу желілері» ЖШС мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізді.

«Тозудан орын алған технологиялық зақымдану шұғыл түрде жойылды, бірақ гидравликалық және температуралық режимдер бірге өзгеріп жатыр. Жылумен жабдықтау жүйесін жөндеу уақытты қажет етеді, сондықтан көптеген петропавлдық батареялардың салқындағанын байқаған. Қалалықтардан орын алған жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Жөндеу жұмыстары бүгінгі күннің соңына дейін аяқталуы тиіс.

Авторы: Олеся Жуковень


Соңғы жаңалықтар