+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Петропавлда жағымсыз иіспен күресу үшін биотоғанға 4 мың тонна балдыр салынды

2021 жылғы 16 қыркүйек 22:12
Бөлісіңіз:
Петропавлда жағымсыз иіспен күресу үшін биотоғанға 4 мың тонна балдыр салынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда мамандар биотоғаннан шығатын күкіртсутектің иісін жою үшін балдырларды қолданып жатыр, жоба 3 жылға шақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордалық өнертапқыш Алматы ауасын жақсартуға үлес қоспақ ЖЕЭК отырысы: Қазақстан Президенті экологиялық қауіпсіздікке қатысты пікір білдірді 14 қазанда Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Петропавлда 2023 жылға дейін көктем мен жазда тұрғындардың мазасын алатын жағымсыз иіс мәселесі толық шешілмек. Күн жылынысымен биотоғаннан күкіртсутек бөлініп, қаланы жағымсыз иіс басатын.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының зертхана бастығы Оксана Гордиенконың айтуынша, тек шілде айында ғана күкіртсутек тиісті мөлшерден асуының 111 жағдайы, тамызда 65 жағдайы тіркелді. Қыркүйек айында әзірге ауытқу тіркелген жоқ, бұл ауа температурасының төмендеуімен байланысты.

Биотоғанды тазарту үшін «Қызылжар Су» ЖШС мен «Судың ғылыми-технологиялық орталығы» жергілікті жоғары оқу орны негізінде 3 жылға келісімге отырды. Нәтижесінде 26 млн теңге жұмсалып жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асты. Биотоғанға 4 мың тонна хлорелла балдыры салынды. Ол, мамандардың айтуынша, зиянды заттарды сіңіреді, өңдеп, оттегін шығарады.

«Петропавлдағы жағымсыз иіс экологиялық мәселелер тізіліміне енгізілген. Экология департаменті облыстағы экологиялық ахуалды жақсартуға қатысты жол картасын жасады, бұл құжат министрмен, өңір басшысымен келісілген. Міне, осы жол картасындағы 10 пункт 2023 жылға дейін тазарту құрылыстарын жаңғырту жұмыстарын аяқтауға қатысты», - дейді СҚО экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Атқарылып жатқан жұмыстар келесі жылдың жазында-ақ нәтиже бере бастамақ, десек те Петропавл жағымсыз иістен толық тек 2023 жылы ғана құтылмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT