Петропавлда тұрғындар той өткізгендерді тиісті органдарға өздері хабарлап жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда сенбі-жексенбі карантиндік шаралар күшейтілгеніне қарамастан, мейрамханаларда той өткізгендер тұрғындардың көмегімен анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен сенбі күні қала тұрғындары жас жұбайлардың «Конгресс» мейрамханасына кіріп бара жатқанын фотоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялаған.

«Бәрі үйде отыруы керек, егер осы үйлену тойында кем дегенде біреу ауырса, ол бәріне жұқтырады, жағдай онсыз да мәз емес, ал сіздерге бәрібір тойлату керек», - деп желі қолданушылары жазба қалдырды.

Бұған полиция қызметкерлері мен санитарлық дәрігерлер бірден әрекет етіп, тексеріс ұйымдастырды. Дерек расталып, нәтижесінде мейрамхана иесі мен іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР ӘҚтК 462-бабы бойынша әкімшілік материал жинады.

Петропавл тұрғындары полицейлерге «Эмират» мейрамханасында да той өтіп жатқанын хабарлаған. Той иесі мен көңіл көтеру орны әкімшілігіне де енді айыппұл салынбақ.

Жалпы, Петропавлда төтенше жағдай алынғаннан бері соңғы екі айдың ішінде осындай 5 дерек анықталды.

«Қазіргі уақытта вирустың таралмауына тұрғындар да жауапты. Өзімізді шектеп, талаптарды орындағанда ғана бұл қауіпті індетпен күресе аламыз. Өкінішке орай, бұған барлығы түсіністік таныта бермейді, осыған байланысты профилактикалық шаралардан әкімшілік ықпалы бар шараларға көшуге тура келеді. Төтенше жағдай режимі алынғаннан бастап, карантиндік шараларды сақтамағаны үшін 127 әкімшілік материал жиналды», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысын сақтамағандарға 3-тен 200 АЕК мөлшерiнде айыппұл қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар