Петропавлда шегінген жүк көлігі тұрақта тұрған екі көлікті соқты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жүк көлігінің жүргізушісі кәсіпорындардың бірінің автотұрағында тұрған екі жеңіл көлікпен соқтығысып, зақым келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 5 маусым күні болған. «ЗИЛ 431410» жүк көлігінің 56 жастағы жүргізушісі шегініп жатып, рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан «Қызылжар Су» АҚ автотұрағында тұрған жеңіл көліктерді соқтығысты.

Қатты соққыдан «Volkswagen Golf» автокөлігі бетон қоршауды тесіп өткен. Сондай-ақ «Ravon» көлігіне де зақым келді.


Адамдар зардап шеккен жоқ. Жүк көлігінің жүргізушісі ішімдік ішпегені анықталды.

«ЗИЛ 431410» жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік материал жиналды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін іс Петропавлдың мамандандырылған әкімшілік сотына жіберіледі.

Оқиға бейнекамераға түсіп қалды. Жазба әлеуметтік желіге таралып кетті.


Соңғы жаңалықтар