+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Петропавлда оқушылар 1 тоннадан астам қағаз бен пластик қалдығын жинады

2021 жылғы 19 мамыр 01:48
Бөлісіңіз:
Петропавлда оқушылар 1 тоннадан астам қағаз бен пластик қалдығын жинады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда мектеп оқушылары арасында «Eco Батыр» атты экологиялық байқау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда пойыз қағып кеткен әженің туыстары іздестіріліп жатыр Петропавлдағы жағымсыз иіс мәселесі шешілетін болды Петропавлда шегінген жүк көлігі тұрақта тұрған екі көлікті соқты

Green help қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, «Eco батыр» байқауы Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп негізінде өтті. «Оған бастапқыда қала мектептерінен 17 бала қатысуға тілек білдірсе, тек 11-і ғана қағаз бен пластик қалдығын жинауда белсенділік танытты.

Есо life жобасы байқауды USAID Орталық Азияның азаматтық қоғамына қолдау білдіру бағдарламасының гранты негізінде ұйымдастырды. 10 наурызда бастау алған жарыс екі айға созылды. Осы аралықта қатысушы балалар қайталама шикізат жинап тапсырудан жарысты», - дейді эко-волонтер Азат Жұмағұл.

Мектеп оқушылары макулатура - газет қиындысы, кітап, журнал, картон және түрлі қағаз, пластик бөтелке мен қақпағын жинаудан жарысты.

«Радуга», «СҚО-Вторресурс» ЖШС-лары байқауға демеушілік жасады және балалардың жинаған қалдықтарын қабылдап алды. Жалпы байқаудың мақсаты – қалдықты бөліп жинауға назар аударту. Балалардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғи ресурстарды сақтауға тәрбиелеу», - Азат Жұмағұл.

Нәтижесінде 280 кг қалдық жинаған 5-сынып оқушысы Қамажай Бейсенбай жеңімпаз атанып, 30 мың теңге сыйақы алды. Екінші және үшінші орынды алғандарға да 20, 10 мың теңге сыйақы берілсе, қалған қатысушылар мақтау қағазымен марапатталып, тәтті сыйлықтар алды.

Жалпы байқау барысында балалар 1 тонна 130 келі қағаз бен пластик қалдығын жинады.

Сондай-ақ байқауға қатысушы балалар «Радуга» ЖШС-на барып, өздері жинаған қалдықты кәдегі жарату процесіне куә болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT