+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Петропавлда манипулятор соққан жеңіл көліктегі 3 бала мен 2 ересек зардап шекті

2021 жылғы 30 шілде 17:41
Бөлісіңіз:
Петропавлда манипулятор соққан жеңіл көліктегі 3 бала мен 2 ересек зардап шекті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда манипулятор көлігі мен жеңіл машина соқтығысып, салдарынан 5 адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да көлік ұрлығы тыйылмай тұр Тұмауға қарсы дайындық: санитар дәрігер жүкті әйелдерге бірқатар кеңес берді СҚО-да 300-ден астам ірі қара мал бруцеллез жұқтырды

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 29 шілде күні сағат 20.30 шамасында болған. Isuzu маркалы манипулятор Жас Өркен ықшам ауданындағы Петропавлға кіре берістегі (манипулятор) айналма қозғалыста сол жақтан келе жатқан Audi көлігіне соғылған.

Audi көлігіндегі 7, 2,1 жасар үш бала, 64 жастағы жолаушы және 35 тегі көлік жүргізушісі жарақат алды. Олардың екеуі ауруханаға жатқызылды, қалғанына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Медициналық куәландыру манипулятор жүргізушісінің ішімдік ішпегенін көрсетті. Манипулятор арнайы автотұраққа қойылды.

Жол-көлік оқиғасына қатысты жиналған материал процессуалды шешім қабылдануы үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік бөліміне жіберілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT