Петропавлда көлік бағдаршамға соғылып, бір адам мерт болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жеңіл көлік бағдаршам бағанына соғылып, бір адам алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық полициясы басқармасының мәліметінше, жол-көлік апаты бүгін таңға жақын сағат 3-тен 40 минут кеткенде болған.

«Toyota Avensis» жеңіл көлігінің жүргізушісі Жамбыл – Қ.Конституциясы көшелерінің қиылысында рқлге ие бола алмай қалып, бағдаршам бағанына соғылған.

Жарақат алған екі жолаушы бірден облыстық аураханаға жеткізілді.

Алайда, олардың біреуі емдеу мекемесінде көз жұмды.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысты материал жинап жатыр.


Соңғы жаңалықтар