+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Петропавлда қарақшы зейнеткердің алтын алқасын жұлып әкетпек болды

2020 жылғы 6 маусым 20:58
Бөлісіңіз:
Петропавлда қарақшы зейнеткердің алтын алқасын жұлып әкетпек болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қарақшы зейнеткерге шабуыл жасап, оның алтын алқасын жұлып әкетпек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 маусым күні шамамен сағат 14.00 болған. Петропавлдағы орталық көшелердің бірінде келе жатқан 65 жастағы қала тұрғынына біреу шабуыл жасап, оның алтын алқасын алып кетпек болған. Оған қылмыстық әрекетін жүзеге асыруға өтіп бара жатқан адам кедергі болыпты.

Қала тұрғыны бірден «102» арнасына хабарласты. Сол күні жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Петропавлдың 36 жастағы тұрғыны бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған екен. Адам тонауға оқталу фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Облыстық полиция басшылығы мұндай қылмыстардың ашылуын ерекше бақылауда ұстайды. «Ізін суытпай» ашуда бөліністердің ұйымдасқан жұмысы ғана емес, сонымен бірге «102» арнасына бірден жүгіну де маңызды. Күдіктіні іздеуге патрульді полицейлерге бағдар беріліп, алынған сипаттама бойынша ұқсас кісілерді бейнебақылау операторлары қадағалады. Жедел уәкілдер мүліктік қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған адамдар туралы мәліметтерді тексерді», - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Жалпы жыл басынан СҚО-да 33 тонау тіркеліп, оның 30-ы ашылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT