Петропавлда камералар 10 мың құқық бұзушылықты түсіріп алған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда әуежай мен вокзалды қоса есептегенде 74 бейнебақылау камерасы орнатылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орта есеппен әр екі-үш күн сайын олардың көмегімен қылмыстық істер әшкереленуде.

«Тайга» сауда үйіндегі тұраққа көлігін қойған Жамбыл ауданының тұрғыны машинада сөмкесін қалдырып кетеді. Сол сөмке бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған 36 жастағы Петропавл тұрғынын қызықтырады. Салонға кіріп, ішінде жалпы сомасы 50 000 теңгені құрайтын қаржы, екі алтын жүзік пен басқа да бағалы заттар салынған сөмкені қолды етеді. Көп ұзамай куәгерлердің хабарлаған белгілеріне ұқсайтын адам видеобақылау камераларына түсіп қалады. Онымен бірге ұрланған бағалы заттар да табылды», - деп мысал келтірді полиция ведомствосының баспасөз қызметі.

СҚО ІІД жедел жоспарлау басқармасының бастығы полиция полковнигі Ербол Бектұровтың айтуынша, жылдың басынан бері видеобақылау камераларының көмегімен 88 қылмыстық іс ашылған.

Петропавл ІІБ ЖБО мамандары 9896 жол қозғалысы ережесінің, абаттандыру ережесінің және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтады. 

Соңғы жаңалықтар