Петропавлда гвардияшылар пышағын жалаңдатқан бұзақыны қарусыздандырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда 5 маусымда сағат 19:15 Жамбыл көшесін патрульдеу кезінде Ұлттық гвардияның 6637 әскери бөлімшесінің қызметшілері пышағын жалаңдатып, жұртқа сес көрсеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сілтеме жасап.

Әскери жасақ бастығы Юрий Белоусов, патрульдер Нейман Абен мен Бексұлтан Бекмырзаев көшеде жүрген, қолында пышағы бар, мас ер адамды байқап қалған. Ол қолындағы суық қаруды әрі-бері сілтеп, былапыт сөздер айтып келе жатқан.

Полицейлер уақыт оздырмай оны ұстауға әрекеттенген. Олардың заңды талабына қарамастан әлгі жігіт қатты қарсылық көрсеткен.

Гвардияшылар әбжіл қимылдап оның пышағын тартып алып, қолына кісен салды. Ұсталған азамат жауапқа тарту үшін қалалық полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар