Петропавлда Есіл өзенінің суы қайта бастады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бүгін Есіл өзені суының деңгейі түсе бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, 30 сәуір күні сағат 8.00-де Есіл өзенінің Петропавл қаласындағы гидроторабында судың максималды деңгейі тіркелді. Есіл өзені 1017 см дейін көтерілді. Төрт сағаттан кейін ол 2 см-ге түсті. Яғни облыс орталығында су тасқыны шарықтау шегінен өтті.

Мамандардың айтуынша, қазір Тоқсан би ауылының маңында Есіл өзенінің деңгейі ақырындап көтеріліп жатыр. Бір тәуліктегі өзгеріс 8 см. Бірақ одан келер қауіп жоқ. Ал Долматово елді мекені жанында Есіл өзенінің су деңгейі 10 см-ге көтерілген.

Облыстың шағын өзендерінде де су қайтып жатыр. Сергеев су қоймасында судың асып төгілуі – 48 см, бір тәулікте өзгермеген.

Үлкен Тораңғұл көлінде де су деңгейі түсіп жатыр, бір тәуліктегі өзгеріс 1 см құрайды.


Соңғы жаңалықтар