Петропавлда экстремалды тау шаңғы кешені өз жұмысын бастады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында «Petrogorki» экстремалды тау шаңғы кешені қысқы маусымын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экстремалды парк Петропавлдағы 20-ықшамауданда былтыр қыста ашылған болатын. Бірақ, қардың аз болуынан дұрыс жұмыс істеген жоқ.  Әрі тау шаңғы спорты - петропавлдықтар үшін әзірге таңсық. Оқыту-жаттығу мақсатында салынғандықтан, жол бұрылыстарсыз болады. Ұзындығы - 300 метр. Шаңғымен төмен сырғанап, арқан арқылы автоматты түрде жоғарыға көтерілуге мүмкіндік бар.

«Тұңғыш Президент күніне орай қала тұрғындарына жақсы сый болды. Тау шаңғы спорты - Елбасының сүйікті спорт түрлерінің бірі. Менің ойымша, осы бір жақсы іс басқаларға үлгі болады. Бұл - тек бастамасы, облысымызда тау шаңғы спортын әлі дамытатын боламыз»,- дейді СҚО әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет. 

Мерекеге орай бүгін тау шаңғы кешені тегін жұмыс істеді. Ал, жалпы мұнда сәрсенбі және жексенбі күндері аралығында кешкі жетіге дейін сырғанауға болады. Сағаты - 1,5-2 мың теңге. 30 шақты шаңғы және 15 сноуборд жалға беріледі. Сондай-ақ, биыл кешен негізінде тау шаңғы мектебі ашылмақ. Алдағы уақытта балалар мен ересектерге арналған сноутюбинг жолы да салынады.

 

 

Соңғы жаңалықтар