Петропавлда былтыр 7 учаске мемлекетке қайтарылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда облыстық жер инспекциясы былтыр 1,4 млн теңгеге айыппұл салып, пайдаланылмай жатқан 23 учаскені мәжбүрлі түрде кері қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Жер инспекциясы басқармасының мәліметінше, жерге қатысты жиі кездесетін заң бұзушылықтың бірі – учаскені алып, оны 10-15 жылдай пайдаға жаратпау. Былтыр осы мақсатта облыс орталығында 200-ге жуық тексеру жасалды. Мамандар 165,5 гектар аумақты тексерді.

Нәтижесінде жалпы сомасы 1,4 млн теңгеге 14 айыппұл салынды.

«Олқылықты жоюға 83 ұйғарым шығардық. 2018 жылы олардың саны 104 болатын. Егер белгілі мерзімді біздің ұйғарымды орындамаса, жер учаскесін мәжбүрлі түрде қайтарып ала бастаймыз», - дейді облыстық Жер инспекциясының жетекшісі Бейбітбек Жайлыбаев.

Бұдан басқа қалалық әкімдікке жер телімдері бойынша 10 сұрау хат жолданған. Жер иелері мен оны пайдаланушылар 20 бұзушылықты жойды. 7 учаскенің меншік құқығы жойылып, мемлекетке қайтарылды. Коммерциялық мақсатта қолданылуы тиіс, алайда бос жатқан шамамен 23 гектар жерді қайтару үшін соттың көмегіне жүгінуге тура келген.

Жалпы Петропавл қаласы бойынша 2015-2019 жылдары 56,5682 га 40 учаске жер қайтарылған.


Соңғы жаңалықтар