+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Петропавлда биыл 13 адам ата-ана құқығынан айырылды

2020 жылғы 20 қазан 22:56
Бөлісіңіз:
Петропавлда биыл 13 адам ата-ана құқығынан айырылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда биыл 13 адам ата-ана құқығынан айырылса, қазіргі уақытта тағы сегізінің ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін бокстан Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді Қазақстанда 23 қараша күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы Еркін күрес: Ел біріншілігінде барлық салмақтағы жеңімпаздар анықталды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда ювеналдық полицейлер спирттік ішімдікке әуес 33 жастағы келіншекті ата-ана құқығынан айыру мақсатында материал жинап жатыр. Әйелдің екі ұлы бар, тұғышы 13 жаста, кенжесі 7 айлық сәби.

Жарты жыл бұрын полицейлер оған түзелуге мүмкіндік берген. Сәуір айында тәртіп сақшылары оны тұрғылықты жері бойынша тексере келгенде үйінен таппаған. Әйел жаңа туған сәбиді үлкен баласына қалдырып кеткен. Тексере келе оның осы уақытта ішімдік ішіп жүргені белгілі болды.

«Үйдің ішінде ит жүрді. Балаларға еш жағдай жасалмаған. Ыдыс-аяқ жуылмаған, тарақандар ас үйде өріп жүр. Сол жолы әйелге әкімшілік хаттама толтырылып, балалар ауруханаға жатқызылды», - дейді ювеналдық полицейлер.


Одан кейін де әйел ата-ана міндеттерін орындамағаны және өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған.

«Профилактикалық іс-шараларға қарамастан, ол ішімдік ішуін қоймауда, ұсынымдарды орындамайды, өзінің ата-аналық міндеттерін тиісті атқармайды. Көршілерінен аталған азаматшаның ішімдік ішетіні, әдепсіз өмір салтын ұстанатыны жайлы шағым келіп түсуде», - дейді Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция тобының бастығы Эльмира Абушева.

Жалпы жыл басынан Петропавлда 13 адам ата-ана құқығынан айырылды, тағы 8 адамның ісі қаралуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT