Петропавлда аялдамаларға бейнебақылау камерасы орнатылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бұзақылықпен күресу үшін әр автотұрақ, аялдамалардың жанына бейнебақылау камерасы орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында қосымша жаңа 120 бейнекамера пайда болды. Бұл – қалалық әкімдіктің бастамасы.

«Бейнекамераларды орнатудағы басты себеп – бұзақылықтың алдын алу. Осылайша жерге қоқыс тастағандарды, аялдама павильонын сындырғандарды анықтаймыз. Бейнебақылау камералары IKOMEK -109 жедел әрекет ету орталығымен байланыстырылған», - дейді баспасөз хатшысы Руфия Мұстафина.

Өткен аптада облыс орталығының Новопавловка кентінде үш жігіт әйнектен жасалған аялдаманы қиратқан. Бұл аялдама павильондарының әрқайсы 400 мың теңге шамасында тұрады. Бұзақылар бейнекамералардың көмегімен анықталды.


Соңғы жаңалықтар