+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Петропавлда 78 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

2021 жылғы 14 мамыр 18:50
Бөлісіңіз:
Петропавлда 78 жастағы зейнеткерді көлік қағып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда рульде 19 жастағы бозбала болған көлік жүргіншілер өткелінде зейнеткерді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теңіз кенішінде автобус пен пикап соқтығысты Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті Ақмола облысында жерге таласқан әйел көршісінің 10 тонна шөбін өрттеп жіберді

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 14 мамыр сағат 16.45 шамасында Н.Назарбаев көшесі бойындағы № 219 үйге қарама-қарсы жолда жол-көлік оқиғасы болды. 19 жастағы бозбала «Lada Kalina» көлігімен жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған 78 жастағы зейнеткерді қағып кеткен.

Зардап шеккен әйелді жедел жәрдем көлігі алғашқы медициналық көмек көрсету және диагноз қою үшін Петропавлдағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізді.

Осы дерекке байланысты кінәліге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық бойынша іс қозғалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT