Петропавл тұрғыны мектеп ауласында итін серуендеткені үшін жазалады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл тұрғындары №10 мектеп ауласында жүрген иттерге шағым түсірді. Тұрғындар полицияға хабарласқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, қырағы тұрғындар 7-708-432-46-00 WhatsApp нөміріне хабарлама жазған.

«Тексеру барысында итімен жүрген алты адам анықталды. Жақын жердегі үйлер тұрғындары иттерін қыдыртып жүрген. Оларды таңертең осы аумақта балалар жүретіндігі алаңдатпаған. Учаскелік инспектор иттер мен мысықтарды ұстау және қыдырту ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама дайындады. Профилактикалық әңгіме жүргізілді, иттерді білім беру және медициналық мекемелер аумағында, стадиондарда, саябақтар мен алаңдарда қыдыртуға болмайтыны түсіндірілді. Бұл тек қана антисанитария емес. Сонымен қатар қауіпсіздік. Тұрғындар иттерді тұмылдырықсыз қыдыртып жүрген», - деді қала полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Ол қазіргі кезде «102» мобильді қосымшасының тиімді байланыс құралы екенін айтты. Ол әлеуметтік желілер қызметтерін ұсына алады, полицияға аудио-, фото- және видеофайлдарды жіберуге, кезекшімен видеоқоңырау арқылы сөйлесуге мүмкіндік береді. Әрбір қаралу автоматты түрде ресми тіркеліп отырады.

Соңғы жаңалықтар