Петропавл тұрғыны гаражында 50 келіден астам есірткі сақтаған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полицейлер қала тұрғынының гаражынан аса ірі көлемді есірткі - 50 кг марихуана тауып, тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Петропавл тұрғынының есірткі саудасымен айналысатыны жөнінде жедел ақпарат түседі.

Тәртіп сақшылары мекенжай бойынша шығып, 31 жастағы облыс орталығы тұрғынының үйін, гаражын тексерді. Қызметтік иттік көмегімен гараждан ерекше иісті, өсімдік тектес зат салынған үш қорап табылды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша оның кептірілген марихуана екені анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы - 51 кг.

Қазіргі уақытта ұсталған тергеу изоляторында отыр. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, тиісті сараптамалар, істің мән-жайын анықтайтын тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы, жыл басынан облыс аумағында есірткіге қатысты 111 қылмыс тіркелді. Заңсыз айналымнан 173 келіден астам түрлі есірткі затты алынды.


Соңғы жаңалықтар