Петропавл тұрғыны басын қатерге тігіп қылмыскерлер мінген көлікті ұстап берген

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Полицейлерге қаскүнемдерді ұстауға көмектескен Петропавл тұрғыны алғыс хат пен қол сағатымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақсан облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, департамент бастығы Берік Біләлов қылмыскерлерді ұстау кезінде батылдық танытқаны үшін Роман Кирикэні марапаттады. Былтыр жазда Петропавл тұрғыны облыстық балалар ауруханасының алдындағы атыстың куәгері болған.

«Қылмыскерлердің көлікке отырғандарын байқаған ол өзінің автомобилімен олардың іздерімен жүріп отырған. «102» нөміріне хабарласып, оқиғаның мән-жайын баяндайды. Кейін полиция қызметкерлеріне қаскүнемдер ұсталғанға дейін, көліктің қай бағытта жүріп бара жатқанын айтып отырған», - деді баспасөз қызметінде.

«Үнемі көмектесуге дайын тұратын батыл адамдар көбейсе игі еді. Ол басын қатерге тігіп, құқық қорғау органдарына көмектесті», - деп атап өтті облыстық ІІД бастығы Берік Біләлов.

Р.Кирикэ өзінің бұл әрекетін ерлік деп есептемейді. Оның орнында әрбір адамның осылай жасайтынына сенімді.

Еске салайық, 2017 жылы 28 шілдеде таңғы сағат 4-те Петропавлдағы түнгі клубтың маңында жастар төбелескен. Келесі күні олар кикілжіңді облыстық балалар ауруханасының алдында жалғастырған. Соның салдарынан атысқа қатысушылардың бірінің аяғына бытыра тиіп, аяғынан айырылды. Бұзақылар қайғылы жай болған жерден қашып кеткен. Атыс жеке үйде орнатылған бақылау камерасына түсіп қалады. Полиция қызметкерлері қылмыскерлерді ұстап, пневматикалық тапанша мен екі шолақ мылтықты тәркіледі. Көлікте үш адам, соның бірі кәмелетке толмаған жасөспірім болған. Екеуі кейінірек ұсталды. Іс жабық режімде қаралды.

Үкім қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында сәуір айының соңында шығарылды.

nullnull

Соңғы жаңалықтар