Петропавл төңірегі «Венецияға» айналуда

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының маңындағы тұрғындар әлеуметтік желілерде жолдағы еріген қар суларынан жиналған көлшіктерге шағымдануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Венецияға» айналған көшелердің суреттері түрлі әлеуметтік желілерде тарап кетті.

«Қазір бүкіл Петропавл үлкен мұхитқа немесе батпаққа айналады... осындай көктемге үйренуге тура келуде», - деп жазды қолданушылардың бірі. 

Күні кеше Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов аптаның соңына дейін қаладағы барлық еріген қар суларын тазартуды тапсырған еді. Әзірге ашық суағарлардың 25%-ы қоқыстар мен балшықтан тазартылды. СҚО ТЖД бастығы Павел Филиппов қар тез еріген жағдайда көшелерді су басатынын ескерткен еді. Қала басшысы Марат Тасмағанбетов қолдан келгеннің барлығын жасап жатқанын, тіпті Екатеринбургтен арнайы машина жалдағанын айтып, сендірді.

Облыста су тасқыны сәуір айының басында басталады. Биылғы жылы СҚО-дағы қар құрсауының биіктігі мен кейбір аудандардағы топырақтың ылғалдылығы орташа деңгейден әлдеқайда жоғары. 

Соңғы жаңалықтар