Петропавл аялдамаларында Абай шығармаларымен танысуға болады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласындағы аялдамаларда Абайдың 175 жылдығына орай QR коды бар тақырыптық стендтер пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бастама авторы - Петропавлдағы Иван Шухов атындағы қалалық кітапхана ұжымы. Мекеме қызметкерлері шаһардағы бірнеше аялдамаға ақынның шығармаларымен танысуға мүмкіндік беретін штрихкодттары бар стендтерді ілді. Енді QR код арқылы кез келген адам гаджетіне Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жүктеп, оқи алады.


«Аялдамада автобус күтіп, уақытты бос өткізбей, Абайдың шығармасымен танысуға болады. Бұл стендтерді негізінен жастар үшін ілдік. Олар техниканың тілін жақсы меңгерген, уақыттарының басым бөлігін смартфонда өткізеді. Мақсатымыз осылайша жастар арасында Абайдың шығармаларына қызығушылық тудыру. Жалпы жастарды кітап оқуға баулу», - дейді И.Шухов атындағы қалалық кітапхананың аға кітапханашысы Татьяна Фомина.

Әзірше, мұндай ерекше аялдамалар тек Абай көшесінде ғана бар. Әрі, колледж бен университет студенттері көп жүретіндіктен стендтер осындағы жеті аялдамаға ілінген. Болашақта QR коды бар тақталарды қаланың басқа жерлерінен көруге болады.


Соңғы жаңалықтар