Перзентін Алатау-Тамшыбұлақ атаған Ұлыбритания жазушысы туралы кітаптар қазақ тіліне аударылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапал Арасанда тұңғыш перзенті дүниеге келген ұлыбританиялық саяхатшы, жазушы Томас Уитлам Аткинсон туралы кітаптар қазақ тілінде жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің жазушылары – Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау: Аткинсондардың Сібір мен қазақ даласындағы оқиғалары» және Ник Филдингтің «Ұлы дала саяхатшылары» кітаптарының ресми тұсаукесеріне қатысты.

Екі басылым да қазақ тіліне аударылған.

Игі шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырылды. Жоба ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» аясында жүзеге асты.


Шараға қос кітаптың авторлары онлайн қатысты. Сондай-ақ Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов өз лебізін білдірді.



Ұлыбританиялық ғалым Томас Уитлам Аткинсон Жоңғар Алатауын және Тамшыбұлақты ерекше зерттеген. Тамшыбұлақтың сұлулығына тәнті болғаны соншалық, Томас пен Люси қазақ жерінде дүниеге келген тұңғыш ұлдарының есімін Алатау-Тамшыбұлақ деп қойған. Бүгінде бұл есім Англиядағы үлкен бір әулеттің тегіне айналып отыр. Қазақ даласына табаны тиген саяхатшының алтыншы ұрпағы - Пипа Алатау-Тамшыбұлақ ханым қазіргі таңда Лондон маңындағы елді мекендердің бірінде тұрады.

Бүгінде дәл осы Аткинсонның ұрпақтары Тамшыбұлаққа Ұлыбританиядан арнайы келіп, аталарының кіндік қаны тамған жердің ауасымен тыныстап, саяхат жасауды дәстүрге айналдырған.


Соңғы жаңалықтар