Перуде елдің экс-президенті мен оның жұбайы қамалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перуде елдің бұрынғы президенті Ольянт Умала мен оның жұбайы Надин Эредии темір торға қамалды. Сот қаржы жымқыру және жемқорлық ісі бойынша оларды қамауға алу ордерін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Росбалт»-қа сілтеме жасап.

Перудің бұрынғы басшысы тергеу аяқталғанға дейін 18 ай қамауда болады.

Тергеушілердің дерегі бойынша, Умала мемлекет басшысы болған кезде Венесуэла мен Бразилиядағы компаниялардан ақша алып отырған. Алған қаржыны ол сайлауалды науқан кезінде жұмсаған. Куәгерлердің айтуынша, 2006 жылы президенттің отбасы Венесуэла елшілігінен долларға толы он келілік екі қап алған.

Умала мен оның әйелі сот отырысына қатысқан жоқ. Алайда, сот шешімі жарияланғаннан көп ұзамай олар билікке өз еріктерімен берілді.

Соңғы жаңалықтар