Перуде автобус 200 метр биіктіктен құлап, 17 адам қаза тапты, 20-дан астамы зардап шеккен

None
None
ГАВАНА. ҚазАқпарат - Перудің оңтүстігіндегі Луканас провинциясында автобус шатқалға құлап, кем дегенде 17 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Апат салдарынан 20-дан астам адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған, олар ауруханаларда.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік 200 метр биіктіктен құлаған.


Соңғы жаңалықтар