Персонал қысқармайды, еңбекақыны 10 пайызға өсірмекпіз - «Каустик» АҚ басқарма төрағасы Е. Орынбеков

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Каустик» зауыты каустикалық сода, натрий гиплохлориті және тұз қышқылын өндірумен айналысады.

Бұрын бұл өнімдерді қазақстандық рынокқа жеткізуші Ресейден, Өзбекстаннан және Қытайдан келетін импорт болып табылатын,-дейді «Каустик» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Орынбеков «Егемен Қазақстан» басылымына берген сұхбатында.

«2011 жылы біздің кәсіпорын ашылғаннан кейін біз Қазақстанның ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз еттік және сыртқы рыноктарға да шыға бастадық. Мен жаңа экономикалық саясатқа және жаңа ақша-кредит саясаты режіміне көшу туралы шешімнің өте уақтылы екендігі туралы және көптеген жағдайда ресейлік, қытайлық және басқа да ұқсас химиялық кәсіпорындармен адал бәсекелес күрес жүргізуді жеңілдетеді деген қазақстандық әріптестерімді толық қолдаймын. Бұрын рубльдің құнсыздануына байланысты ресейлік бәсекелестер өз тауарларын біздің тауарлардан 30 және одан да артық пайызға арзан бағамен жеткізіп отырды. Ал ол бізді мейлінше қиын жағдайға апарып тіреді. Айырбас бағамын өзгерту біздің өнімдеріміздің өндірістік өзіндік құнын төмендетеді, қазірдің өзінде біз Қазақстанның химиялық өнімдер рыногындағы көшбасшы позициямызды қалпына келтіріп қана қоймай, сонымен бірге, белгілі бір дәрежеде экспортқа бағдар ұстанған өндіруші бола алатынымызды сеніммен айта аламын. Атап айтқанда, қазіргі бар қуаттарды ұлғайтып, сонымен бірге, уран өндіру мен өңдеуде пайдаланылатын сутегі тотығы және сирек кездесетін металдар мен реагенттер өндірісі үшін хлор өндірісін іске қоспақпыз. Оның сыртында ауыз суды тазарту және дезинфекциялау үшін реагенттер өндірісін ашуды жоспарлап отырмыз. Осылардың арқасында біздің зауытымызда жұмыс орындары сақталып қана қоймай, сонымен бірге, жаңа орындар да ашылады. Теңгелік табыстан алынған пайданы біз еңбек ұжымының әлеуметтік міндеттерін шешуге бағыттайтын боламыз. Персонал қысқармайтын болады. Еңбекақы да қысқармайды, керісінше, біз еңбекақыны 10 пайызға өсірмекпіз.

Соңғы жаңалықтар