Пенжім ауылында жаппай төбелестен зардап шеккен оқушының жағдайы қалай

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылында жаппай төбелестен зардап шеккен оқушының жағдайы ауыр,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2005 жылы туған науқас 27 қазанда Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына келіп түсті. Науқас ашық бас сүйек-ми жарақатын алғандықтан жалпы жағдайы ауыр. Диагноз: мидың ауыр ашық жарақаты. 2-3 дәрежелі травматикалық шок алған»,- дейді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Панфилов ауданындағы Пенжімде оқушалар арасында жаппай төбелес болғанын хабарлаған болатынбыз.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми ақпаратына сәйкес, аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды .


Соңғы жаңалықтар