Педагогтарды беделді, танымал тұлғаларға айналдыру керек – Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдер мен оқытушылардың қоғамдағы беделін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагогтардың мәртебесіне қолдау көрсету қажет. Оларды қоғамдағы беделді, танымал тұлғаларға айналдыру керек», - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысында.

«Менің тапсырмаммен алдағы төрт жылда мұғалімдерге төленетін жалақыны екі есе арттыру қарастырылған. Одан бөлек, білім сапасын қамтамасыз ету өте маңызды. Педагогикалық білім беруді жаңғырту оқу жоспарларының 100% жаңартылуын, IT-құзіреттер, оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары бойынша арнайы модуль енгізуді қамтамасыз етуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, Президент педагогикалық мамандықтарға түсу талабы кезең-кезеңімен күшейетінін, болашақ педагогтардың шәкіртақысы 26 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін өсетінін айтты.



Соңғы жаңалықтар