Павлодарлықтар жедел жәрдемді Telegram арқылы шақыра алады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының тұрғындары 103 қызметін Telegram арқылы шақыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, павлодарлықтар алғашқы медициналық көмекті Telegram-бот арқылы ала алады.

Павлодар облысында жедел жәрдемді Telegram мессенджері арқылы шақыру функциясы үш ай бұрын іске қосылған. Алайда, мессенджерді пайдаланатындар әлі де аз. Алғашқы көмекті 103 қызметіне қоңырау шалу арқылы шақыратындар көп.
Бүгінгі таңда 103 телефон желісіне жүктеме айтарлықтай артқан. Егер бұрын тәулігіне 500-600 қоңырау түссе, бүгінде олардың саны кей уақытта 700-ден асады. Сондықтан облыстық жедел жәрдем станциясында Telegram арқылы көмек сұрау мүмкіндігі туралы еске салады.
Ол үшін https://t.me/pvl_103_bot мессенджеріне жазылу жеткілікті. «Жедел жәрдем шақыру» батырмасын басу арқылы пайдаланушы нұсқаулыққа сәйкес жарақаттануды немесе ауыруды сипаттауы, сондай-ақ науқастың орналасқан жерін барынша дәл көрсетуі тиіс.
Мессенджер арқылы берілген өтінім Павлодар облысының жедел жәрдем станциясының бірыңғай колл-орталығында өңделеді. Алдымен диспетчер қоңыраудың шұғылдығын анықтауы керек. Шұғылдықтың төрт санатының әрқайсысының өзіндік уақыты бар.
Мысалы, адамның өміріне нақты қауіп төнген кезде І санат бойынша шақыру 15 минут ішінде пысықталуы тиіс. Жеделдіктің IV төртінші санаты бойынша шақырулар емханаларға беріледі және оларға мобильді бригадалар қызмет көрсетеді.
Өтінімнің жұмысқа қабылданғанын не қабылданбағанын «жүгіну күйін тексеру» батырмасын басу арқылы көруге болады.


Соңғы жаңалықтар