+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Павлодарлықтар Мәжіліс  депутаттығына кандидаттарды таңдады

2020 жылғы 17 қараша 23:13
Бөлісіңіз:
Павлодарлықтар Мәжіліс  депутаттығына кандидаттарды таңдады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы бойынша «Nur Otan» партиясы филиалының кезектен тыс XXX конференциясында филиал төрағасы Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, дауыс беру Primaries.kz сайтында электронды жүйе бойынша жүргізілді.
Бүгін праймериздің бірінші кезеңінде ең көп дауыс жинаған 16 үміткер Парламенттің төменгі палатасындағы орындар үшін бақ сынады. Шағын және орта бизнес, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де саланы қарастырған жаңа тұлғалар қосылды. Облыстың барлық тұрғындары тікелей эфирде тамашалай алатын қоғамдық пікірталастар нәтижесінде 112 конференция делегаты таңдаған кандидаттарына онлайн режимінде өз дауыстарын берді. Облыс тұрғындары қатысушылар орындауларын тікелей эфирде тамашалады.
Конференцияға дайындық кезінде праймеризге қатысушылар партияның Павлодар облысындағы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына сүйенді.
- Праймериз өткізу барысында 2000-нан астам тапсырыс түсті. Оның 80 пайызы - өңір тұрғындарының ескертулері мен ұсыныстары. Өңірдің 7 негізгі даму бағыты белгіленді. Бұл - экономикалық тұрақты өңір. Жайлы өңір. Әлеуметтік бағдарланған өңір. Жастарға арналған өңір. Тарихы мен мәдениеті бай өңір. Ашық және есеп беретін органдар. Қауіпсіз өңір. Бүгін азаматтар нақты ұсыныстар мен бастамаларды күтеді. Партия барлығына ашық. Конструктивті ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз. Біздің барлығымызды ортақ мақсат біріктіреді. Бұл - әр қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттыру. Сондықтан барлық ұсыныстар өте маңызды, - деп атап өтті облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Бүгінгі пікірсайыс барысында үміткерлер проблемаларды шешу мақсатында өз көзқарастарын ұсынды.
- Мен елімнің жағдайына бей-жәй қарай алмаймын. Ол үшін бүкіл өмірлік тәжірибемді және білімімді қоғам игілігі үшін қолдануға дайынмын. Қолдау көрсеткен партияластарыма алғыс айтамын. Мен олардың сенімдерін ақтауға тырысамын, өйткені біздің бағдарлама отандастарымның нұсқауларынан, олардың тілектері мен үміттерінен құралған, - деді Гүлнәр Қайдарова.

Дауыс берудің алғашқы төрт жетекшісі Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға партиялық тізімге ұсынылды. Олардың арасында Данияр Айтышев бар.
- Мен жастардың, әсіресе ауылдық жерлерде тұратындардың мүдделерін қорғаймын. Менің ауылда жұмыс жасағаныма 4 жыл болды. Жастарға арналған жатақханада тұрамын, ауылдың және жастардың мәселелерін жақсы білемін. Ең алдымен, мен ауыл жастарын еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, оларды жұмыспен қамту мәселесін көтеремін, - деді үміткер Данияр Айтышев.

Сондай-ақ, праймеризге қатысушылардың ішінен ең жоғары рейтингі бар, Павлодар облыстық мәслихатына 51 үміткер ішінен тізім құрылды. Соңғы шешім ХХ партия съезінде қабылданады.
Партияішілік іріктеу нәтижелері бойынша «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттарының құрамы 67%-ға жаңартылады.
- Бұған дейін айтылғандай, праймериз біздің депутат кандидаттарына жаңа серпін берді. Орташа жас кем дегенде он жылға кеміді - 44 жасты құрайды. Сондай-ақ, партия мықты және бәсекеге қабілетті тұлғалармен толықты. Құрамда сапалы жобаны жүзеге асыратын нәзік жандылар мен жастар бар, - деп атап өтті «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко.

Партиялық тізімге дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Парламент Мәжілісіне Анатолий Бойчин – 95 дауыс, Гүлнар Қайдарова – 82 дауыс, Жанат Шұғаев – 73 дауыс, Данияр Айтышев - 58 дауыспен тізімде көш бастады.
Кандидаттардың партиялық тізімі құрылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT