Павлодарлық зейнеткер қарызын өтемегені үшін астаналық фирманың көлігін айдап кеткен

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарлық полиция көлікті айдап әкету ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«15 қазан күні зейнеткер, Шарбақты ауданы ауылдарының бірінің тұрғыны елордалық фирмаға тиесілі «ГАЗель» маркалы автокөлігін айдап әкеткен. Ауылдасының айтуынша, фирма оның қызының үйін жалға алып, ақшасын төлемей қойған, сондықтан толық төлеп бітпегенге дейін көлікті алып кеткен», - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтандағы фирма өкілдері қарызды жоққа шығарады. Олар пәтер ақысы уақытымен төленгенін және оны сәйкес құжаттармен дәлелдейтінін атап өтті.

«Рас, өтірігін полиция анықтайтын болады. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 200-ші бабына («Айдап әкету») сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатын болады», - деп мәлім етті полицияда.

Автор: Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар