Павлодарлық шенеунік 14 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Шаңырақ» орталығының басшысы 14 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп мәлім етті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Назымбек Бекжанов.

«Ол 14,4 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке алынып отыр. 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі кезең қарастырылды».

Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ведомстволық бағынысты мекемесі болып табылады.

Аталған орталық 2003 жылы құрылған. Мұнда 100-ден астам адам жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар