Павлодарлық Иманбектің «Roses» ремиксі Billboard чартында көш бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің SAINt JHN атты әншінің «Roses» композициясына жазған ремиксі АҚШ-тың Billboard музыкалық журналында топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл танымал ремикс жыл қорытындысы бойынша «Үздік би/электроникалық әндер» санатында бірінші орында тұр.
Imanbek Remix лақап атымен танымал Иманбек Зейкенов – ақсулық диджей және музыкалық продюсер. Ол Saint jhn «Roses» әніне жазған ремикстен кейін танымал болды. Бұл трек «Үздік ремикс» номинациясында 2020 жылғы Грэмми сыйлығына ұсынылды.
Иманбек Зейкенов қазір де Ақсу қаласында ата-анасымен бірге тұрып жатыр. Биыл ол Торайғыров университетіне оқуға түсті, бірақ қазір қашықтан оқиды. Музыканттың айтуынша, танымал болып кеткен «Roses» ремиксін жасау үшін бар болғаны 2 сағат 20 минут уақыты кеткен.
Айта кетсек, «Грэмми» сыйлығының жеңімпаздарын жариялау 2021 жылдың 31 қаңтарында өтеді. Ал 20 жастағы музыкантымыз танымал әлемдік әртістермен бірлесіп, ортақ жоба дайындап жатыр.
Фото: instagram.com/imanbekmusic
- Америка әншісі мәнерлеп сырғанаған атыраулық оқушыға қолдау білдірді
- Саяси реформалар Қазақстанда эволюциялық жолмен дамып келеді - тарихшы
- Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
- Балалар, коронавирус және дәрі-дәрмек: ӘМСҚ халықты толғандырған сұрақтарға жауап берді
-
Алматыда мониторинг топтарының жұмысы күшейтіледі
-
Президент маңызды салаларда нақты мақсаттарды айқындады - Бақытжан Жұмағұлов
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам