Павлодардағы орталық жағажайда ер адамның мәйіті табылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қайғылы оқиға туралы орталық жағажайға демалуға келгендер қоңырау шалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодардың орталық жағажайынан мәйіт табылды», - деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, 56 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны аталған жағажайда демалған кезде Ертіс өзеніне батып кеткен.

«Оның заттарын түгендеу кезінде ішімдік бөтелкесі табылды. Суға батқан ер адамды бірінші болып жағажайда демалған адамдар тапқан. Олар полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырған», - деп атап өтті ТЖД-да.

Бірыңғай диспетчер қызметіне полициядан бұл туралы сағат 10:55-те хабар келіп түскен.

Бұған дейін олар Ертісте суға батып бара жатқан егде жастағы әйелді құтқарған болатын.


Соңғы жаңалықтар