+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Павлодарда жылу электр орталығындағы апаттың қайдан шыққаны белгілі болды

2020 жылғы 29 қараша 19:11
Бөлісіңіз:
Павлодарда жылу электр орталығындағы апаттың қайдан шыққаны белгілі болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында жылу электр орталығындағы апаттың қайдан шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 қарашада сағат 20.10-де 112 пультіне тұрғындардан Павлодар қаласының оңтүстік және шығыс шағын аудандарында жылу бірде келіп, бірде келмей тұрғаны туралы хабар келіп түскен.

№1 жылу электр орталығында сағат 19.00-де жарылған №3 құбырдың жұмысы тоқтатылды, қалпына келтіру жұмысын жүргізу кезінде жылу айдайтын үш желілік сорғы тоқтатылды, жылу беру азайтылды.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлауынша, авариялық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу кезінде №1 жылу электр орталығының тұтынушыларын 27 қарашада сағат 20.00-де №2 және №3 жылу электр орталықтарына қосты.

№1 жылу электр орталығы аумағындағы жылу желісінің бүлінген учаскесі бұзылып, жаңасы орнатыла бастады. Авариялық-қалпына келтіру жұмысы 28 қарашада сағат 12.00-ге дейін жалғасты. Жылумен жабдықтау іске қосылды.

Қазіргі мәлімет бойынша «Қазақстан алюминийі» АҚ 1-жылу электр орталықтың аумағындағы тозған диаметрі 800 мм құбыр құбыр жарылды. Соның салдарынан қаланың оңтүстік және шығыс бөлігінде жылу беру азайтылған.

№1 жылу электр орталықтың жылу желілерін авариялық-қалпына келтіруге жеке құрамнан 90 адам және 25 техника жұмылдырылды. «Жылу желілері» ЖШС (40 адам және 10 техника), «Алюминй Казасхстан» АҚ 1-ЖЭО (40 адам және 10 техника), жергілікті атқарушы органдар (5 адам жəне 3 техника), Павлодар облысы ТЖД (5 адам жəне 2 техника).

29 қарашада жағдай бойынша қаладағы жылу желісінде басқа апат тіркелмеген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT