Павлодарда жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында егде жастағы адамды жеңіл көлік қағып кетті. Ер адам алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«11 қараша күнгі сағат 07:05-те Павлодар қаласы Маяковский көшесіндегі 9-шы үйге қарама қарсы жерде «Nissan» маркалы автокөліктің 56 жастағы жүргізушісі жол жылдамдығын сақтамай, 1961 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицияда көліктің арнайы айыптұраққа кіргізілгенін қосып өтті. Тексеру амалдары жүргізілуде

«Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 529 жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 47 адам қайтыс болып, 789 адам жарақат алған», - деп қосып өтті ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар