Павлодарда жеңіл көлік үйге соғылды, екі бала зардап шекті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында жеңіл көлік тұрғын үйге соғылды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, 11 сәуір күні сағат 01.30-да «ВАЗ – 21099» жүргізушісі Гагарин көшесімен келе жатқан. М.Жүсіп көшесімен қиылыста «Audi» көлігімен соқтығысқан. Екінші көлік соққының күшімен жекеменшік үйге барып соғылған», - делінген ақпаратта.

Салдарынан «Audi» жүргізушісі мен үйде болған екі балаға медициналық көмек қажет болды.

«ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі қашып кетпекке әрекеттенді. Алайда ол Жамбыл көшесіндегі үйлердің ауласында ұсталды. Машина айып тұрағына қойылды. Аталмыш факті тіркелді. сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізілуде», - деп қосты облыстық ПД-дан.

Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, көлік жеке үйдің бұрышына соғылған. Баспананың қабырғасы жарылып, кірпіштері зақымданған, үй ішінде жылу батареясы майысқан. Кереуетте ұйықтап жатқан баланың үстіне кірпіш құлаған.

«Балалар ұйықтап қалған еді. Мен қорадан шығып бара жаттым. Кенет қатты соққы болды. Audi қоршауды бұзып өтіп, үйге соғылды. Кірпіштер қызымның үстіне түсті. Оның кереуеті дәл осы бұрышта тұрған еді. Бірден жедел жәрдем мен полиция шақырым», - деді үй иесі Марат Әлімов.


Соңғы жаңалықтар