Павлодарда жасөспірімдерге ішімдік сатқан дүкен иелері жауапкершілікке тартылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында алкогольге қатысты заң талаптарын бұзған адамдарға 51 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері полицейлер қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, мас күйде жүрген 4 784 адамды ұстады. Олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 51 миллион теңгеден астам айыппұл салынды», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері алкогольді тыйым салынған уақытта сатқан 207 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды.

«Ледовский көшесіндегі дүкендердің бірінде сатушы 21 жасқа толмаған адамға екі бөтелке сыра сатты. Жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды», - делінген хабарламада.

Тағы бір сатушы 16 жастағы жасөспірімге ішімдік сатқаны анықталды. Бұл жолы сатушы жасөспірімге мұндай ішімдікті сатуға тыйым салынғанын білген.

«Сатушылардың әрекеті үшін сот алдында дүкен иелері жауап береді», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.


Соңғы жаңалықтар