Павлодарда үйдің төбесіндегі сүңгі мұзды тазаламағандарға айыппұл салынып жатыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында полиция ПИК-терге үйдің шатырындағы сүңгі мұзды алып тастап, ауланы қардан тазалауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Учаскелік инспекторына рейд кезінде Сұрағанов көшесіндегі 9 үйдің тұрғындарынан шағым түскен. Үйдің шатырында сүңгі мұз тазаланбағаны үшін «Магистраль» ПИК төрағасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы «Абаттандыру ережесін бұзу» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бірінші рет ескерту берілді», - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Өңірдегі ауа райының құбылуына байланысты Павлодардағы үйлердің шатырында сүңгі пайда болған. Полицейлердің айтуынша, тұрғындар коммуналдық қызмет көрсету үшін ақша төлегеннен кейін ауланы, кіреберісті, соның ішінде шатырды күтіп ұстауды талап ете алады. Сондықтан, тәртіп сақшылары пәтер иелері кооперативін уақытылы қардан тазалауға, шатырдағы сүңгі мұзды алып тастауға шақырады.

«2020 жылы қаңтар айында полицейлер абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 800 тұлғаға қатысты әкімшілік өндіріс қозғады. Айыппұлдың жалпы сомасы 3,5 млн теңге», - деп атап өтті полиция департаментінен.

Ведомствоның мәліметінше, «Жылу желілері» ЖШС мен «ПРЭК» АҚ абаттандыру ережесін бірнеше рет бұзған. Әр кәсіпорынға 300 АЕК көлемінде 800 мың теңге айыппұл салынған.

«Әлем» ПИК, «Тұрмыс» ПИК, «Сарыарқа» қонақүйі, «Әлем 2014» ПИК, «Аквилон Трейд» ЖШС-на 40АЕК, «Мантная» дәмханасына, «Әмірешев» ЖК, «Койдан» ЖК, «Авто обувь» шиномонтаж шеберханасына, «Бектұрғанов» ЖК-ға, «Денто» стоматологиясына, «Наш дом 2019» ПИК-іне 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Авторы Антон Гагарин


Соңғы жаңалықтар