Павлодарда үш мемлекеттің азаматтығымен жүрген әйел елден шығарылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Железин аудандық соты Қазақстан заңнамасын бұзған Ресей және Канада азаматшасы М-ға қатысты істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан азаматтығы туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, осы елдегі азаматтығын жоғалтады.

Сонымен қатар, Қазақстан азаматы саналатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстанның ішкі істер органдарына немесе шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға міндетті. Сондай-ақ ол паспортын және жеке куәлігін тапсыруға тиіс.

23 сәуірде Үрлітөбе шекара бекетінде тексеру барысында заңнамамен белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алғанын хабарламаған Ресей Федерациясының және Канада Республикасының азаматшысы М. анықталды.

Сот отырысында жауапқа тартылатын тұлға кінәсін толық мойындап, 2017 жылдың қараша айында Канаданың азаматтығын, сонымен бірге ағымдағы жылдың наурызында РФ азаматтығын алғанын, бірақ заңды білмегендіктен Қазақстан паспортын тапсырмағанын түсіндірді.

Сонымен қатар, Қазақстанда туысқандары болмауына байланысты елден шығаруды сұрады.

Сот қаулысымен азаматша М. ӘҚБтК 496-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, Қазақстан аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жiберу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар