Павлодарда тұрғын үйден өрт шығып, 32 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылы 13 мамырда Павлодар қаласындағы Катаев көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өрт туралы хабарлама сағат 14:47-де келіп түскен. Үшінші қабаттағы бір бөлмелі пәтер мен балконда үй жиһаздары, тұрмыстық техника, киімдер өртенді. Жалын төртінші және бесінші қабатта орналасқан пәтерлерге тарап кетті. Тілсіз жаумен күреске №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шыққан. Құтқарушылардың өртті он бес минуттың ішінде сөндірді. Газ-түтіннен қорғау қызметкерлері отыз екі адамды қауіпсіз жерге көшірген, оның ішінде алты бала бар.

Павлодар қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ренат Валишановтің мәлімдеуінше, өрттің шығуына салғыртық себеп болған.

«Жалын 19 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазіргі кезде өрттен келтірілген шығын көлемі анықталуда», - деді ол.


Облыстық ТЖБ бастығы қала мен облыс тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін, мүлкі мен жақын адамдарды сақтауға шақырды. Сонымен бірге, кеше Екібастұз қаласының «Горняк» бау шаруашылығындағы саяжай учаскесінде кірпіштен салынған тұрғын үйдің ағаш конструкциялары толық өртеніп, шатыры (36 шаршы метр) опырылып түскен. Өрт туралы хабарлама сағат 18:07-де жеткен. Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметкерлері жалынды сағат 18:57-де ауыздықтап, 19:45-те толық сөндірген. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері мен шығын көлемі анықталуда.

Өткен тәулікте облыс аумағында екі өрт оқиғасы тіркелді. Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын аймақта өрт оқиғалары жиілейтін кезеңнің жақындағанын еске салып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар