+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Павлодарда Тұңғыш Президент күні қарсаңында 70-тен астам отбасы баспаналы болды

2019 жылғы 29 қараша 13:17
Бөлісіңіз:
Павлодарда Тұңғыш Президент күні қарсаңында 70-тен астам отбасы баспаналы болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы «Сарыарқа» шағынауданында Шөкин көшесі, 150/1 № 25 мекенжайы бойынша орналасқан жаңа тұрғын үйдің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев аудан әкімдеріне халықты баспанамен қамтамасыз етудің  жолдарын қарастыруды тапсырды Алматыда Никольский базарының орнына тұрғын үй кешені салынады Қарағанды облысында қолжетімді тұрғын үй құрылысы үш есеге артады

Облыс әкімі Болат Бақауов үш жыл бұрын осында келіп, әрбір отбасымен кездескен болатын. Аймақ басшысы өз сөзінде уақытша баспанаға көшуді сұраған тұрғындарға жаңа баспана салып, сол жерге көшіретіні туралы айтқанда көбі сенім білдірмегенін еске салды.

«Сіздердің баспанаға қол жеткізгендеріңіз үшін және айналада құрылыс жүріп жатқандығына қуаныштымын. «Сарыарқа» шағынауданының құрылысын толық аяқтауға таяп қалдық. Бұл ауданды толық абаттандыру үшін екі жыл қалды. 2021 жылы мұнда жаңа ландшафт болады. Мен сіздерді жаңа қоныстарыңызмен құттықтаймын! Тұңғыш Президент күні қарсаңында «7-20-25» тамаша бағдарламасы арқылы пәтер алу бақыт деп ойлаймын. Мен еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бізді қаржыландырып, қолдап отырғанына алғыс айтамын. Ал біз өз тарапымыздын павлодарлықтардың жайлы өмір сүруі үшін барлық мәселелерді шешетін боламыз. Қоныс құтты болсын!»,- деді Болат Бақауов.

Шаһар басшысы баспаналы болған жанұялардың біріне кіріп, 11 айлық бүлдіршіннің тұсауын кесті. Тұрғын үйді ЖШС «Жәрдем» мердігерлері «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында салған. Көп қабатты екі подъезде үйде 71 пәтер бар.

Бүгінгі күні «Сарыарқа» шағын ауданында 22 тұрғын үй пайдалануға берілді, биылғы жылдың соңына дейін тағы 4 тұрғын үй қолданысқа енгізіледі. Сондай-ақ, 2020 жылы құрылысы аяқталатын 4 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде.

Қоныс тойын тойлап жатқандардың бірі - Полиция департаментінің қызметкері Эльмира Шәкенова өз қуанышымен бөлісті. «Жұбайымыз екеуіміз үшін бүгін ерекше күн. Өйткені біз өзіміздің үш бөлмелі пәтеріміздің кілтін алып отырмыз. Осы уақытқа дейін ата-анамызбен бірге тұрдық. Отбасымызда үш сәбиіміз бар. Бір қызығы, 29 саны біз үшін киелі сан болып тұр. Өйткені, 29 қыркүйекте егіз сәбиіміз дүниеге келді және де 29 қарашада, 29 жасымда, 29-інші пәтердің кілтін алып тұрмын. Үкіметіміз осындай 7-20-25 бағдарламасын іске қосып, біз сияқты жас отбасыларға қолжетімді ипотека қарастырғаны үшін рахмет айтамын»,- дейді департамент қызметкері.

Айта кету керек, биыл «Достық» шағынауданында құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жаңа екі көпқабатты үйлердің құрылысын «СПК Павлодар» АҚ жүргізуде. Сонымен қатар, 2019 жылдың соңына дейін тағы 3 үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT