Павлодарда трамвай депосында ер адамды жүк тиегіш басып кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Еңбек инспекторлары Павлодардағы оқыс оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға трамвай депосында 3 қазанда болған. Қаптаушы болып жұмыс жасайтын 56 жастағы ер адамды жүк тиегіш басып кеткен.

«1964 жылы туған ер адам жазатайым оқиғадан қайтыс болды. Істі тексеру үшін арнайы комиссия құрылды», - деді Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.

Оқиғаның мән-жайы тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады


Соңғы жаңалықтар