Павлодарда тегін қазақ тілі курстары ашылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында барлық санаттағы азаматтарға тегін қазақ тілі курстарының төртінші маусымы басталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Курсты ұйымдастырушы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәліметінше, еліміздегі COVID-19 індетінің таралуына байланысты тыңдаушылар қашықтықтан оқу жүйесіне көшкен. Тыңдаушылар «ZOOM» қосымшасы арқылы курстарға қатысып, бүгінгі күні аталған шаралар жалғасын табуда.

«Курстың мақсаты – қазақ тілінің орфографиялық, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық нормаларын үйрету. Оқыту барысында тыңдаушылар күнделікті өмірде кездесетін қарапайым қарым-қатынас фразаларын қолдануды, қарапайым мәтіндерді аударуды, суретке қарап сөйлемдер құрастыруды, өзінің қайда тұратыны, жұмысы мен өзіне таныс адамдар туралы жай сөйлемдерді құрастыруды үйренетін болады», - дейді басқармада.
Облыстық тіл саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде жылдың соңына дейін қазақ тіліне 440 барлық санаттағы азаматты оқыту жоспарланған.
Курстың соңында тыңдаушыларға сертификат табысталатын болады.
Тегін қазақ тілі курстарына Павлодар қаласы, Ак.Марғұлан көшесі, 115 мекенжай немесе 618488 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.
Соңғы жаңалықтар